Топ Алматыда, 2024 жылдың қарашасында, фронтменнің өткен тобы - Uide-ден шыққан сәттен бастап құрылды.
Жаңа үн іздеп, өзіне жақын дыбысқа келіп тірелді: акустикалық нәзік көңіл, инди-фолк, DIY ән жазу принципі.
Әндерінде америкалық инди-фолктан, ішінара кантридан және антифолктан шабыт алғанын байқауға болады. Атап айтқанда: The Microphones, Adrianne Lenker, Crywank, Elliott Smith.
Музыканттар: Богдан Феров (Барабаншы); Никита Ц. (Акустикалы гитара, Банджо); Артур Юлдашов (Бас); топтың негізін қалаушы, фронтмен: Рахымжан Бейсенов (Акустикалы гитара, Вокал).
Cookies необходимы для оптимальной работы нашего сервиса. Используя сайт, Вы соглашаетесь с
обработкой ваших файлов cookie. Подробнее об использовании файлов cookie можно прочитать в нашей Политике конфиденциальности.